А.Сарқұлованың айтуынша, мұндай мәлімдеме жасауға "орталықта тіркеуде тұрған жалғызбасты қарттардың бір алаяқ әйел туралы арыз-шағымы себеп болған. Өзін орталық қызметкері ретінде таныстыратын, азиялық текті бұл әйел 30 жас шамасында көрінеді",- деді А.Сарқұлова.
Орталық төрайымының а йтуынша, көбінесе кешқұрым зейнеткерлердің үйіне бас сұғатын алаяқ әйел өзін орталық қызметкері ретінде таныстыратын көрінеді. Келгендегі мақсаты "орталықта жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын тексеру және арыз-шағымдарды тыңдау" дейтін көрінеді. Алайда, ол кеткеннен кейін қариялар ақшасынан айрылып қалғанын бірақ білетін көрінеді.
Орталық қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі жағдаймен алаяқтың қитұрқы әрекетінен үш зейнеткер зардап шеккен. Олардың үйінен алаяқ жалпы 20 мың теңгені қолды болдырған.
Осыған байланысты Ақтөбе қалалық әлеуметтік көмек орталығы құқық қорғау мекемелеріне шағым берді. Орталықтағылар полицияның көмегімен "күдіктіні анықтап, қолға түсіруге" үміт артып отыр. Әлгі алаяқ "әлеуметтік көмек орталығының тікелей қамқорлығындағы адамдардың нақты мекен-тұрағынан хабардар екен".
А.Сарқұлованың айтуынша, қазір әлеуметтік көмек орталығында 641 жалғызбасты және қарт адам тіркеуде тұр.