"50 жастағы бас энергетик егер 49 жастағы инженер айтқан талабын орындамайтын болса, онда оның қызметін төмендетіп жұмыстан шығарамын деп қорқытқан",-деді А.Иманғалиев.
Оның сөздері бойынша, 50 мың теңге көлемінде ақша берген кезде күдікті қолға түсірілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Облыстың ІІД атап өткеніндей, биылғы жылы бұл екінші оқиға. Бұдан бұрын жұмыс орнына мас күйінде келгені үшін пара талап еткен тағы да бір компанияның жетекшісі қолға түскен болатын.