Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шабуыл 26-қыркүйекте таңертең жасалған. "Белгісіз төрт адам Пәкістанның 31 жасар азаматының пәтеріне кіріп, газ баллонын қолданып, 478 мың теңге мен 25,3 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған",- деді полициядағылар.
Кейінірек патрульдік кезекшілер мен Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні қолға түсірген. Олардың барлығы 18 - 24 жас аралығындағы Ақтөбе тұрғындары болып шықты, олардың бірі туристік фирманы басқарады. Ал күдіктілердің арасында 19 жасар қыз да бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті