Ақтөбеде полицейлер 3 кг астам героин мен 10 мың жалған АҚШ долларын өртеді

Іс-шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, олар осылайша "өткен жылы есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау барыснда тәркіленген заттай дәлелдері өртеу арқылы сот шешімін орындаған".

Көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, екі жыл ішінде осы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Ресейдің Оренбург облысынан Ақтөбеге героин тасымалдаған.

Ақтөбе қалалық сотының үкіміне сәйкес, қылмыскерлер 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылған.