Ақтөбеде Польша мәдени күндері өтеді

Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Чеплак, бас консул Веслав Осуховский мен елшіліктің бірінші кеңесшісі Збигнев Сверчиньский бастаған делегация көрнекті жерлерді аралап, польшалық «Святло» этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатовамен кездесу барысында қонақтар ұлттық дәстүрді сақтауға, бірлік пен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға себепкер болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатына таңданыстарын білдірді.

Сонымен қатар, елшіліктің өкілдері 1941-1945 жылдары Қазақстанға жер аударылған поляктардың жерленген орындарын іздеуге, сондай-ақ жергілікті мұражайлармен жұмыс істеуге көмектесуге өтініштерін білдірді.