Ақтөбеде қаладағы бір жеке меншік фирманың аумағынан арматура ұрлаған күдікті ұсталды

Қазанның ортасында "Минак" ЖШС өкілдері полицияға шағымдана келіп, ұйымның аумағынан металл бұйымдар - бір жарым тонна арматура ұрланғанын хабарлаған. Шығын көлемі 400 мың теңгеден асады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұрланған зат алынды.