Ақтөбеде қамауға алынған депутат Өндіргеновтың үйінен 1,5 миллиард теңге табылды

Өндіргеновтің қаражатын тергеушілердің ақша есептейтін машинамен бес сағат бойы санағанын бұрын айтқанбыз. Аймақтағы автобус паркінің иесі ақшаны көбіне доллармен және еуромен сақтағанды құп көреді екен. Оның үйінен 3 жарым миллион  доллар, 300 мыңдай еуро, 7 миллиондай теңге табылды. Сондай-ақ, арабтардың дирхамы мен украиндардың гривнасы да бар. Кәсіпкер-депутаттың пәтері мен жер телімі, Шалқар қаласындағы кәсібі де бұғатталды. Мейіржан Өндіргенов мемлекеттік кіріс басқармасындағы басшылардың бірімен сыбайлас болып, тапқан пайдасын жасырған. Әріптесінің бизнесін тартып алу үшін қорқытып-үркіткен. Егер тағылған айыптар дәлелденетін болса, депутат 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Loading...