Елубек Таласов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының өкілі:
-Мейіржан Өндіргеновтың атына банктерде есеп-шоттар мен депозиттер ашылған. Онда 16 миллион теңгедей бар. Астанада пәтері, гаражы, жер учаскесі мен жеке үйі бары анықталды. Осы мүліктерді бұғаттау қажет.
Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы Өндіргеновтың осы үйіне қатысты дау туған болатын. Себебі аймақтағы ауқатты депутат оны кассирінің атына аударып үлгерген. Ең қызығы ол туралы кассир келіншек білмейді екен. Аймақтағы ірі бизнесмен Мейіржан Өндіргенов басқа кәсіпкерлердің иелігіндегі мекемелерге көз тігіп, тартып алмақ болған. Сондай-ақ мемлекетке миллиондаған теңге салық төлемей жалтарғаны үшін айыпталып отыр. Алғашқы тінту кезінде тергеушілер оның үйінен табылған қаржыны арнайы аппаратпен 5 сағат санаған еді.
Loading...