Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Қазақстан бойынша ашқан 15 орталығының бірі.
Әрбір орталықта балаларды оңалтудың кешенді әдісі қолданылады. Онда невролог, реабилитолог, ЕДШ нұсқаушысы, психолог және өзге де білікті медициналық мамандар жұмыс істейді.
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ қолдауының арқасында орталықтар озық үлгідегі жабдықтармен жабдықталған.
Жаңа оңалту орталығының маңызы зор. Достық қарым-қатынас салтанат құрған нысанда заманауи әдістеме қолданылып, әр балаға жеке қызмет көрсетіледі. Ал мұның бәрі нәтижеге оң әсер етеді.
Жалпы, «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылғалы 8 мыңнан астам бала оңалтудан өтіп, 700-ден астамы жүре бастады.
Ақтөбедегі орталық 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Жылына 600-ге жуық балаға қызмет көрсетеді.
«Қазақстанның барлық өңіріндегі балаларға сапалы оңалтудың қолжетімді болғаны қуантады. Ақтөбе облысындағы балалар мүгедектіктің алдын алу үшін маусым айында «Қамқорлық» ерте жастағы балаларды қабылдай бастайды. 15 оңалту орталығымен қоса, өңірлерде 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарланып отыр», - дейді «Қамқорлық Қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.