Ақтөбеде Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық әкімдікте екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен қаладағы "Қоныс" спорт сарайында тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Хромтау ауданына барады деп күтілуде. Ақтөбеге 700-ден астам өкіл келмекші. Қазақстан , Ресей, Татарстан және Дағыстан президенттері, Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко келеді деп күтілуде.

Саммит күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауды 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Ақтөбедегі қонақүйлер мен мейрамханалар шараға дайын екендіктерін мәлімдеуде, олардың қызметкерлері арнаулы оқытылды.