Ақтөбеде Қазхромның ферроқорытпа зауыты металдың алғашқы өнімін шығарды

Металл жаңа ферроқорытпа зауытының балқыту цехында бірінші пештен алынды, деп хабарлады "Қазхромның" баспасөз қызметінен.

Алдында хабарланғандай, зауыт құрылысының құны 843 млн долларды құраған. Биыл маусым айының соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында ферроқорытпа зауытында іске-қосу реттеу жұмыстарын бастап берген болатын.

Жаңа зауыттың құрылысы 2010 жылы басталған. Жаңа өндіріс жаңа буындағы тұрақты токтың төрт пешінен құрылған, оның жалпы өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохромды құрайды.Зауытта негізгі 11 өндірістік нысан бар.

"Қазхром" Дон тау-кен байыту комбинатын, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын біріктіріп отыр, ERG (Eurasian Recourses Group) холдингісінің құрамына енген.