Ақтөбеде құрылыс компаниясының директоры үлескерлердің 127 млн теңгесін иемденген күдікті деп танылуда

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Ануар Добрашевтің айтуынша, "Арай" тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған жер телімі болуға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алған фирма басшылығы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін үлескерлердің қаржысын тартып, олардың әрбіреуімен келісім-шартына қол қойған.

"Келісім шарттына сәйкес құрылыс 2007 жылдың үшінші тоқсанында аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс болған. Әрбір қатысушы "КазГлавСтрой"ЖШС-іне өздерінің бастапқы жарналарын енгізген, алайда, артынан белгілі болғанындай, үлескерлердің ақшасы көп пәтерлі үйдің құрылысына емес, серіктестіктің басқа қажеттіліктеріне жұмсалған", - деді А. Добрашев.

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің ақпаратына сәйкес, сөйтіп, үй бүгінгі күнге дейін салынбаған, ал 127, 4 млн теңге қаржы ақша жоқтықтан үлескерлерге қайтарылмаған.

Қазір бұл дерек бойынша "КазГлавСтрой" ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 3 тармағы, "б" тармақшасы бойынша (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.