Шараға Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов қатысып, зауыт құрылтайшысы болып табылатын "Жігер" компаниясының басшылығымен бірге ғимараттың іргетасының астына болашақ ұрпаққа арналған жолдауы бар шағын қапшықты көмді.
Зауыт жылына 200 мың текше мерт өнім өндіре алады. Зауыт құрылысын салу 15 айға созылмақ. "Жігер" компаниясы басшылығының айтуынша, жаңа жобаға олар 13 млн. доллар жұмсады.
2005-жылы Ақтөбе облысында жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.