Ақтөбеде қылмыстарды азайту үшін ықшамаудандар толық бейнекамералармен жабдықталады

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 140 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға биыл 11 және 12-ші ықшамауданда бейнекамералар орнату көзделуде. Ақтөбеде жалпы қоғамдық орындарда орнатылған 14 бейнекамера бар, полиция олардың санын 100-ге жеткізбек ниетте.