Ақтөбеде қыз пойыз астына түсті

Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

Қаза тапқан қыздың туыстары айтқандай, 17 тамызда ол облыс орталығына Мәртөк ауданы Целинный кентінен келген. Онда ата-анасы тұрады.

«Ешқандай проблемалар туралы айтқан жоқ. Көңіл-күйінде өзгеріс те байқалмады. Оған не болғанын ата-анасы білмей отыр», - деді ажал құшқанның танысы.

Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ бұл туралы хабар 19 тамызда түнгі сағат 01:55 түскені туралы хабарлады. Оқиға орнына тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары бұл келеңсіз жағдайдың суицид екендігіне күмән келтірмей отыр.

«Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі анықталып жатыр. Қаза тапқаннан еш құжат табылмады», - деді Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ баспасөз қызметкері Роза Төлегенқызы.