Ақтөбеде ресейлік азамат травматикалық қаруды 4 мың теңгеге сатпақ болған

«Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде темір жол вокзалында 20 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол 4 мың теңгеге  травматикалық қару сатпақ болған», - делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам Қазақстанда тұратын туыстарында қонақта болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Аталған факт ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ сот алдындағы тергеудің біріңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.