Ақтөбеде саудаға салынатын 233 учаске белгіленді

Қала әкімшілігінде хабарлағандай, бұл учаскелер Ақтөбенің "Акжар-2", "Рауан", "Заречный-3", "Юго-Запад-2", "Украинка" және "Қызылжар" секілді тұрғын үй массивтерінде орналасқан.

Әкімшілік атап көрсеткендей, ел президентінің тапсырмасына сәйкес, барлық учаскелер тек ашық аукциондар арқылы бөлінетін болады. Бұған тек "Батыс" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне қатысты жер учаскелері ғана кірмейді.

Әкімшілік хабарлағандай, сонымен бірге, қазіргі уақытта мемлекетке қайтарып алу үшін өз мақсатына пайдаланылмаған жерлерді анықтау жұмыстары басталған.

"Жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесе отырып жер учаскелерін ауыл шаруашылығына пайдаланбаған заңды және жеке тұлғаларды анықтау шараларын бастаған. Тексеру нәтижесі бойынша оларды мемлекет меншігіне, оның ішінде сот органдары арқылы да, қайтарып алу бойынша шаралар қабылданады.