Қаржы полицейлерінің ақпаратына сәйкес, департаментке келіп көмек сұраған кәсіпкер сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері өзінен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге "кедергісіз және тез арада" лицензия алу үшін пара бопсалауда деп хабарлаған.
"Біз шұғыл-іздестіру шараларын жүзеге асыра отырып, 500 доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте қалалық сәулет-құрылыс инспекциясының лицензия беру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы 40 жастағы қызметкерді ұстадық", -деп хабарлайды қаржы полициясындағылар.
Пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқын тергеу абақтысына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті