Күдікті қаладағы сауналардың бірінде жұмыс істейді екен. Кімнен аяғы ауыр болып қалғанын өзі де білмейді. Тұрақты баспанасы жоқ болғандықтан жүкті кезінде-ақ сәбиінен құтылуды ойластырған. Сондықтан босанбай тұрып бала алатындарды іздепті. Суыт хабарды естіген полицейлер бірден іске кірісіп, нәрестені сатып алушы кейпінде барады. Келісім бойынша, перзентханадан шыққан соң жалдамалы пәтерде бөбегін бермек болған. Тасбауыр ана ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Ал уызға да тойып үлгермеген нәресте жетімдер үйіне жіберілді.
Loading...