"Бұрын саяжайлар тұрақты тұруға лайықталмай, іргетасы аласа болып салынған. Бірақ, соңғы жылдары саяжай ауылдарына негізінен ішкі мигранттар келіп қоныстана бастады. Енді олардың су астында қалу қаупі төніп тұр", - деді Л. Томчук.
Баспасөз хатшысының айтуынша, "Елек және Қарғалы өзендеріне таяу орналасқан саяжай тұрғындарына билік өкілдері олардың үйлерін су шаю қаупі бар екендігі жөнінде ескерту жасаған".
Әкімшілікте хабарлағандай, қазіргі уақытта Ақтөбеде тасқынға қарсы шаралар аясында белгілі бір жерлерде жұмыс істейтін 8 шұғыл топ құрылған.
"Еріген қардың көбірек жиналған жерлерінде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, қала көшелеріндегі суды құрғату үшін 25 арнайы техника жұмылдырылды", - деп түсіндірді Л. Томчук.