Ақтөбеде Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай мемориалды тақта орнатылды

Мерекелік іс-шараға композитордың шығармашылығын құрметтеуші қауым, Шәмші атындағы қор белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлегендер композитордың отандық және әлемдік мәдениеттегі үлкен орнын, қазақстандықтардың Шәмші әніне деген зор махаббатын атап өтті.

Ш. Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген.