Ақтөбеде шіркеуде кісі өлтірді деген күдікпен жергілікті мектеп оқушысы ұсталды

Баспасөз қызметі бастығының айтуынша, полицейлер қасиетті Архангел Михаил шіркеуінің 71 жастағы күзетшісін өлтірді деген күдікпен облыс орталығының 17 жасар тұрғыны, Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын оқушыны ұстады. "Ұсталған өз кінәсін мойындап, қаладағы орта мектептердің бірінде оқитын серіктесі екеуі бірігіп, шіркеуді тонамақ болғандын айтып берді",- деп хабарлады А. Иманғалиев.

Оның айтуынша, күзетшінің далаға шыққан сәтін пайдаланған олар шіркеудің ғимаратына кіріп, дін қызметшісінің бөлмесіндегі сейфті ломмен бұзып, оның ішінен 500 мың теңгеге жуық ақшаны жымқырған. "Олар сондай-ақ тұрғындардың қайырымдылық ретінде берген зергерлік бұйымдарын да қолды қылған",- деп хабарлады баспасөз қызметінің бастығы. "Күдіктілер бой тасаламақ болған сәтте оларды күзетші көріп қалған, осыдан кейін олар оны өлтірмек болып, оның басынан бірнеше рет соққы берген",- деп хабарлады А. Иманғалиев. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 2-қарашасында Ақтөбеде таңғы сағат 8 шамасында қасиетті Архангел Михаил шіркеуінің ғимаратынан 71 жастағы күзетшінің мәйіті табылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті