Ақтөбеде сот орындаушылары заңсыз жолмен ғимарат сатып алған

Ақтөбелік сот орындаушылары тұрақты кеңселері болмағандықтан бес жылдан бері көшіп-қонып жүр.Биыл мекемелері арнайы ғимарат сатып алғанда қуанған. Тіпті бір ай бұрын құны 256 миллион теңгеге бағаланған ескі перзентхананың бұрынғы палаталарын кеңсеге айналдырып, көшіп те алды. Бірақ оның арты дауға айналып отыр. Өйткені сот актілерін орындау департаменті заңды белден басып соғыс жылдары салынған ғимаратты қомақты қаржыға сатып алған.

Қият Жұмабаев, Ақтөбе облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

-Байқау талаптарын дұрыс өткізбеу салдарынан шарт бұзылу фактісі анықталды.Сол шағым бақылау барысында анықталып толығымен ұсыныс берілгенінен кейін шарт бойынша келісім жойылды.

Ғимарат сатып алу үшін сот актілерін орындау департаменті тендер де жариялаған. Соған қатыспақ болған кәсіпкердің бірі қаланың қақ ортасындағы дәл осы жаңа кеңсесін саудаға салған. Бірақ оған сот әкімшілері назар аудармапты да.


Венера Қонақаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Тендерге қатысуға екі рет өтініш бердік. Бірақ жіберген жоқ. Сотта заңсыз қатыстырмағандарын дәлелдеп, жеңіп те шықтық. Біздің ғимарат 2008 жылы салынған. Оның орнынан сот актілерін орындау департаменті 46- жылдары салынған ескі ғимаратты таңдап отыр. Бұл қылықтарын жемқорлық деуге болады.

Енді сот орындаушылар бұрынғы перзентхананың ғимаратында заңсыз отыр. Себебі сатып алу туралы шарт күшін жойған.Сондықтан жаңа орындарынан көшіп кетерлерін немесе осында қаларларын білмей дал.

-Дау тудырған бұл ғимаратты сатып алған басшылар мәлімдеме жасаудан бас тартуда. Ал қарапайым сот орындаушылар болса көшіп қонудан шаршадық деп отыр. Сатып алу жөніндегі келісім-шарттың бұзылуына байланысты енді жақында жаңа тендер жарияланбақшы