Осыдан жарты жыл бұрын күзет басқармасының бастығы жұмысқа тұруға келген адамнан 300 мың теңге пара алды деп ұсталған еді. Бірақ сотта «ақша бердім» деген жәбірленуші сөзінен тайған. Сонымен қатар пара беру сәті де бейнетаспаға түсірілмепті. Бірақ осы дәйектерге судья еш көңіл бөлмеді де ашынады Жұрмағанбетовтың туыстары. Олар бұл істі тәртіп сақшысының орнына жақындарын жайғастырмақ болған лауазымды тұлғалардың тапсырысы деген сенімде.
Қалима Жұрмағанбетова, сотталушының анасы:
- Өлтірген адамға алты жыл береді, дым алмаған кісіге тоғыз жыл береді. Бұның заңдылығы қайда, бұны әділдігі қайда? Әділдік іздеп келіп тұрмыз.