Ақтөбеде сотталған полицейлердің туыстары прокурорлардың былығын ашты

Істі болған қызметтестерін қолдауға қаладағы тергеу басқармасының қызметкерлері түгелімен келген. Өйткені сотқа шағымданған Таңатаров бес рет сотқа тартылып, аймақтағы қауіпті қылмыскерлердің тізімінде тұр. Соңғы рет оның кісі тонағанын анықтап, түрмеге жапқан осы үш тәртіп сақшысы екен. Енді ол өзін осылар ұрып -соқты деп, аяқ астынан жәбірленуші боп отыр. Бірақ үш рет жасалған сот медициналық сараптама қортындысы тәртіп сақшыларының оған күш көрсеткенін растамады. Соған қарамай 3 жылдан арқалаған полицейлер апеляциялық шағым түсірмекші.

Шарипа Жолдасқали, айыпталушының әйелі:

-Көрсеткіш керек болды прокуратураға. Қорлық жөнінен  Ақтөбе облысында ондай көрсеткіш жоқ екен. Бүкіл облыс берген, біздің облыс бермеген. Қызметкерлердің бәрін отырғыза беретін болса сонда не болғаны? Әділдік қайда?

Loading...