Ғалымдар ол үшін жан-жақты зерттеу жүргізудің қажеті жоқ деп санаған. Олар жергілікті археологтар жолдаған суретке қарап-ақ, қорытынды шығарып қойды. Тастың ортасындағы жұмыртқаның сары уызы мен ақуызына ұқсайтын қоңыр таңбалар марганец тұздарының кристаллға айналған түрі екен. Қазір құрылыс алаңынан ерекше тасты тапқан азаматтар мен өлкетану музейіндегі мамандардың көңілдері су сепкендей басылған. Себебі олар динозаврдың жұмыртқасын тапқандарына сенімді еді. Енді музейде сақтаулы тұрған тасты лақтырып тастауға да қимай, құны жоқ болған соң сақтай да алмай дал болып отыр.
Loading...