Мына емхананың алдында таңнан бері халық шулап жүр. Себебі бұл мекеменің қожайыны, мәлихат депутатты Ескендір Серікбайұлы әріптестерімен бірлесе ақша жинапты. Ол қаражатқа тал-терек сатып алып, тұрғындарға тегін тартпақ болған. Бірақ айтулы уақыттан ерте келгендер тегін ағаш көшеттерін талап алыпты. Ал тал-шыбықтар қолдарына тимей қалғандар халық қалаулыларына ашулы.
-Көзбояушылық барып тұрған. Бәсе депутаттар аяқ –асты неге жомарт болып қалды десем.
-Дұрыс ұйымдастырылмаған. Қалай болса солай таратқан. 10-да келіңдер деген. 9-да келсе түкте қалмаған.
Ашуға булыққан жұрт емханаға басып кірді. Олардың аптығын басу үшін тіпті дәрігерлер өз қолдарындағы санаулы ағаш көшеттерін беріп жатыр.
-Шығыңыз деймін
Жергілікті халық қалаулыларының өздері тұрғындарға осылай тарту жасағандарына өкініп жүрген сияқты. Әріптестерінің атынан келген жалғыз депутат жиналғандарға барынша басу айтып әлек.
Әнуар Тасымов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты:
-Біз ағаш көшеттерін өз ақшамызға сатып алдық. Ерте келгендер алып кеткен бәрін. Себебі бұл жерде күзет болмады. Енді жетпей қалғандарына тағы да әкеліп береміз.
-Алғашқыда депутаттар ағаш көшеттерін тегін алғандарға бірнеше талап қоямыз деп жоспарлаған екен. Ол үшін жеке куәліктерімен тіркеліп, отырғызған тал-терегінің қасында суретке түсуі керек болған. Енді тарту жасаймын деп тұрғындарды таластырып қойғандардың бұл ойы іске аспайтыны анық.
Loading...