Ақтөбеде телефон арқылы "бомба бар" деп дабыл көтерген адам ұсталды

Ақтөбеде "жатақханада бомба бар" деп жалған ақпарат таратқан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 9 маусым сағат 16.31-де Ақтөбе қаласының ПБ “102” телефонына белгісіз ер адамнан Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің бірінде бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді, алайда жарылыс қаупі бар зат табылмады.