Дүйсенбі күні тәртіп сақшылары мен саперлер Ақтөбе қаласының темір жол вокзалынан жарылғыш зат іздеді.
Вокзалға бомба қойылды деген ақпар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:42-де келіп түскен, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Шамамен 2 мың 500 адамды қауіпсіз жерге көшіргеннен кейін саперлер жарылғыш затты іздеуге кірісті.
«Жарылғыш зат табылған жоқ. Таңғы сағат он бір жарымнан бастап вокзал қалыпты жағдайда жұмыс істей бастады», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Қазір тәртіп сақшылары жалған хабар таратып, жұртты дүрліктірген адамды іздестіріп жатыр.