Тілсіз жау 1-ші және 2-ші қабаттардың арасындағы қоймалық бөлмеде тұтанған. Жалынды ауыздықтауға Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 33 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
4 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1998 жылғы жасөспірім Н.Алтаева мен балалар - 2005 жылы туған А.Күңірбаева, 2011 жылғы М.Жайылхан, 2011 жылы туған М.Құсайын мен 2013 жылы туған М.Құсайын ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ 3 адам құтқарылып, 27 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.