Ақтөбеде түнгі клубта жаппай төбелес кезінде бес адам жарақат алды

Облыстық ішкі істер департаменті хабарлаған бүгінгі хабарламаға сәйкес, төбелес жексенбіге қараған түні «Тропикаль» түнгі клубы маңында болған.

Төбелестен кейін бес адам ауруханаға жүгінген. Оның екеуі бас сүйегінен жарақат алған, екеуі пышақ жарақатын, екеуі оқ жарақатын алған.

Төбелеске қатысқан сегіз адам полицияға жеткізілді, оның үшеуі қамауға алынды.


Ұсталғандарға қару қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылды.