«Жергілікті өндірушілермен шарт жасастық. Тұрақтандыру қорының тауары «Табыс» коммуналдық базарында және коммуналдық павильондарда сатылатын болады. Бұл тауар қыс мезгілінде бағаны реттеуге ықпал етеді», - деді әкім.
Өткен жылы тұрақтандыру қоры қалалық әкімдіктің басқаруына көшірілген.
«Ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде маусым шығынсыз аяқталды», - деді Е.Омаров.