Контрабанда туралы ақпараттан көлік прокуратурасы отарба Ақтөбеге келерден едәуір уақыт бұрын хабардар етілген. Батыс аймақтық көлік прокуратурасының прокуроры, контрабанданы әшкерелеу жөніндегі операцияны басқарушы Ермек Мейірмановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, вагонға тінту жүргізу барысында құқық қорғаушы қызметкерлер 70 қораптан астам "Мальборо", "Кемэл", "Прима" және "Беломорканал" темекілері шыққан.
Ақтөбеде орналасқан 6655- әскери бөлімнің әскерилері вагондағы темекі өнімдерін түсіріп алу үшін вагонға кірген кезде тұтқындар темекі қораптарын ашып , қымбат шылым түрлерін шегуге кіріскен екен. Сөйтіп, ішінде 30 тұтқыны бар вагон составтан ажыратылып, олар Ақтөбедегі №5 тергеу абақтысына уақытша орналастырылды.
Алдын-ала тергеу барысында белгілі болғанындай, темекі бұл вагонға Ақбұлақ станциясында тиелген. Жүктің қожайыны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты.
Аталмыш дерек бойынша қаржы полициясының Ақтөбе облыстық департаменті "экономикалық контрабанда" деген бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғады. Прокуратура мекемелері темір жол қызметкерлерінің, соның ішінде тұтқындарды шығарып салушы қарауыл бөлімі бастығының аталмыш қылмысқа қатыстылығын тексеруде.