Ақтөбеде учаскелік полиция инспекторларын тұрғындар сайлайтын болады


Учаскелік инспекторды сайлау алғаш рет Ақтөбе іргесіндегі Блогадарный елді-мекенінде өтті. Өйткені тұрғындарауылда 6 жыл бойы қызмет еткен тәртіп сақшысының түк бітірмейтіндігін айтып арызданған. Тіпті, оның түрін де танымайтындар бар екен. Енді оның орнына екі үміткер додаға түсіп, спортпен шұғылданатын инспектор көңілдерінен шықты. Бұдан былай да Ақтөбе өңірінде инспекторлар тұрғындардың құптауынан соң ғана қызметке алынбақ.