Ақтөбе қаласындағы азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері биыл ажырасу туралы арыз жазатындардың көбейгенін айтып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жыл басынан бері Ақтөбе қаласы бойынша 1 514 ажырасу фактісі тіркелген. Өткен жылдың осы уақыт аралығында ажырасқандар саны 1 403 болған.
Мамандардың есебінше, ресми түрде екі бөлек кетіп жатқандар саны 7,3 пайызға көбейіп отыр.
«Үйленгендеріне бір ай уақыт болмай жатып ажырасатындар да бар. Өкінішке орай, соңғы кезде отбасыларын сақтай алмайтындар саны көбейіп келеді», — дейді АХАТ бөлімінің мамандары.
Ажырасу жөнінде арыз жазатындардың дені жас отбасылар.