Ақтөбеде үйлену тойында Lexus өзенге түсіп кетті

Бұл оқиға сенбі күні кешкі сағат 21:00-де орын алған. «Автомобильдің жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шеккен жоқ. Олар машинадан  өз бетімен шықты, ал автомобильді с судан құтқару қызметі шығарып алды», деп әңгімеледі құтқарушы сарапшы Оксана Кичигина. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасына мас жүргізушінің өте жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлікті басқара алмай қалуы себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, машина сағатына 180 шақырымдық жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Жүргізушіні оқиға орынан құқық қорғау органдарының өкілдері мән-жайды анықтау үшін алып кетті», деп  хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД судан құтқару қызметінен.