Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері парамен ұсталды


Ақтөбелік азамат бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің психологиялық сынағынан сүрінген екен. Өтпей қалған соң, оған кадр бөлімінің маманы көмек беретінін айтыпты. Ол үшін 125 мың теңге сұраған. Мұрат Айтбеков кабинетінде пара алып жатқанда қолға түсті. Алғашқыда қарызым еді деп жалтарғанымен, кейін ақша алу кезіндегі бейнетаспаны көрсеткен соң, кінәсін мойындаған.