Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қол граната табылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1942 жылы шығарылған РГД-42 жарылғыш құрылғысын полицейлер қала шетіндегі Ясное аулының 47 жасар тұрғынының көлікжайынан тапқан. "Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар қылмыстық іс қозғау туралы мәселе де шешілуде",- деп хабарлады Ішкі істер департаментінен.

Сондай-ақ департаменттегілердің хабарлауынша, ақтөбелік полицейлер "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара аясында бірінші күні төрт заңсыз қару сақтау дерегін, сонымен қатар бір газ тапаншасын өз еркімен өткізу дерегін тіркеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті