Азық-түлік қымбаттап, тапшылыққа «тап боламыз» деп даурыққан жұрт қордағы өнімдерді тауысатын болды. Сондықтан осылай шектеп жатырмыз дейді шенеуніктер. Енді қаладағы дүкендерде қант бес келіден артық берілмейді. Ұнды да шағын пакеттермен шектеп сатып жатыр.Өткен аптадан бастап картопты да дәл осылай бере бастаған. Бір қолға бар болғаны төрт келіден артық ұстатуға тыйым салынды.Жергілікті билік халық арасындағы дүрбелеңді алыпсатарлар өз мақсатына пайдаланып «кетуі мүмкін» деп сақтанып жатыр.
Анар Даржанова, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекшісі:
-Көпшілік қапшықтап алуды қалайды. Бірақ біз шектеу қойып отырмыз. Бес келіден артық керек болатын болса, дүкенге немесе базарға кері қайтып келіп сол өнімдерді тағы да сатып алуға болады.