Ақтөбеде үш тілде білім беретін гимназияның тұсаукесері өтті

Қалалық білім беру бөлімінің ақпаратына сәйкес, "жаңа оқу орны Ақтөбедегі №21 қазақ мектеп-гимназиясының негізінде құрылған. Онда биылғы оқу жылынан бастап арнаулы төрт сыныптың оқушылары аталған модельді сынақтан өткізуде".

"Модель атауының өзі айтып тұрғанындай, мұндай білім ошақтарында оқитындар қазақ тілінде, өз ана тілі мен шет тілдерде білім алатын болады", -деді №21 мектеп-гимназиясының директоры Гүлзия Жалғасбаева.

"1 мен 7 сынып аралығында біз балалар үшін тұрақты әрі бекем тілдік база құратын боламыз, өйткені олар 7-ші сыныптан бастап физика, математика және география пәндерін қазақ және ағылшын тілдерінде біруақытта оқитын болады", - деді Г. Жалғасбаева.

"Ақтөбе осындай мектебі бар Қазақстандағы тоғызыншы қала болды", - деп хабарлайды қалалық білім беру бөліміндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті