Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Дәрігерлердің мәліметінше, бұл бір жылда облыстық перинаталдық орталықта туған екінші үшем.

Салмағы 2060,0 г, 1930,0 г, 2260,0 г тартатын қыз балалар жүктіліктің 32 аптасында операция арқылы мерзімінен бұрын дүниеге келген.

"Ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақты, жақын арада сәбилер салмақ қосады, көпбалалы ана күш-қуатын қалпына келтіреді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Бірден үш адаммен толыққан отбасы енді көпбалалы отбасы мәртебесін алады, себебі үшемді үйде тағы үш бала күтіп отыр.


Дәрігерлер ана мен сәбилерге зор денсаулық тіледі.