Бизнесменнің айтуынша, облыс орталығында дүкенге арналған аумақтар ізделіп, әлеуметтік дүкен бағдарлаған тұлғаларды тіркеу жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ, елдің оңтүстік өңірлерінен көкөніс, ТМД елдерінен тұрмыстық химия мен азық-түлік өнімдерін жеткізу жолға қойылған.
"Нәтижесінде біз өндіруші - делдал - тұтынушы тізбегінен делдалдарды алып тастадық. Осыдан кейін зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және олардың жесірлеріне бірінші қажеттіліктегі барлық тауарларды желілік дүкендер мен базарлардағы бағадан 15 - 25 пайыз төмен бағамен сатуға мүмкіндік туды. Мәселен, зейнеткерлер бір кило қантты әлеуметтік дүкеннен 95 теңгеден, картопты 60 - 75 теңгеден, ет тартқышқа тартылған етті 400 теңгеден ала алады", - деп хабарлады А. Мананков.
Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы айлардың бірінде "Әлия" жабық базарының басшылығы облыс орталығының бірнеше ықшамаудандарында үштен кем емес әлеуметтік дүкен және бір базар ашатынын атап көрсетті.