Оның орнына бұрын автобустарда тегін жүріп келгендердің әрбіріне айына мың жарым теңге жолақысы үшін жәрдемақы тағайындамақ болды. Мұны естіген ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер әкімдікке ағылды. Ақшаны азсынса да, қажетті құжаттарды жинап кезекке тұрды. Дегенмен, қазір олардың босқа даурыққаны белгілі болып отыр. Өйткені Әділет басқармасы Мәслихат шешімін бекітпей тастаған. Ал зейнеткерлер мен мүгедектерді автобустарда тегін жүру құқығынан айырғандар енді не істерін білмей отыр.
Дүйсенбай Мәмбеталин, Ақтөбе қалалық мәслихатының аппарат басшысы:
-Енді ол шешіледі ме деп отырмыз. Заңгерлермен кеңесіп, ақылдасып жатырмыз. Бұл мәселені шешеміз шығар.
Loading...