Ақтөбеде жаңа туған сәбиін саудалаған анасы мен әжесі сотталды

24 жастағы Эльмира Боранбаева оң босағада отырып жүкті болып қалған екен. Мұны естіген анасы басында ашуланып, кейін сәбиден сатып құтылуды жоспарлапты. Сөйтіп, қызы босанбай тұрып бала алатындарды іздестірген. Бұны білген полицейлер бірден іске кірісіп, нәрестені сатып алушы кейпінде барады. Алғашқыда тасбауыр ана мен әжесі баланы пәтерге айырбастауды көздепті. Кейін 1 млн 600 мың теңге деп бағасына да келіскен. Олар сол ақшаны алып жатқанда қолға түсті. Енді анасы жеті жарым жылға, 48 жастағы әжесі 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал дүниеге келмей жатып, туыстары бас тартқан қыз бала сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ондағылар нәрестеге Үміт деп ат қойыпты.


Нұрлыбек Ормаханов, судья:

-Үміт» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмаған 21 шілде 2014 жылы дүниеге келген Боранбаева Үміт Ақтөбе қалалық қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қамқоршылығына берілсін.