Ақтөбеде жас ақындар байқауы өтті

«Ақтөбе-Дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған байқауға Ырғыз, Темір, Қарғалы аудандары мен Ақтөбе қаласының 14-тен 17 жасқа дейінгі оқушылары қатысты.

Жарыстар ережелері бойынша қатысушылар домбыра құлағында шебер ойнап, туған өлкесінің тарихынан хабардар болуы, қазақтың ақын-жырауларының шығармаларынан үзінді оқи алуы тиіс болды. Сонымен қатар, олар өз баяндамаларында ауылдың, білім берудің және өзге де салалардың көкейкесті проблемаларын сарапқа салуы тиіс еді. Ақындардың әр жұбына сайысу үшін 20 минут уақыт берілді.

Жас ақындардың жыр байқауының жеңімпаздары республикалық байқауға қатысатын болады.