Ақтөбеде жас жігіт тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісін пышақтап өлтірді

Өзіне қол салған азамат сүйіктісі үшін Ақтөбеге Алматыдан арнайы келіпті. 20 жастағы бойжеткенмен ғаламтор арқылы ұзақ уақыт хат алысып тұрған.  Сөз сала келгенінде сүйіктісі тұрмысқа шығудан үзілді-кесілді бас тартады. Мұндайды күтпеген жігіт сол бойы бойжеткенді пышақтап тастаған. Бұл қанды оқиғаны марқұм қыздың 9 жасар бауыры көріп қалыпты. Қылмысы әшкере болатындығынан қорыққан жігіт ақыры биіктіктен құлап өлген.