Бүгін олардың арызы бойынша еңбек инспекторларынан бастап, кәсіподақ өкілдері мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары осында жиналды. Бірақ олар күні-түні еңбек ететін дәрігерлер мен жүргізушілердің талабын құптағанымен, тек ақыл айтумен шектеліп отыр. Қазірде Ақтөбе қаласының 500 мыңнан астам тұрғынына жедел жәрдемнің не бары 26 бригадасы қызмет көрсетеді. Ал көлік жөндейтін орын мен мамандар мүлдем жоқ.
Серік Жұмабаев, Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекетінің көлік жүргізушісі:
-Айлығымыз аз.Бұрын тәулігіне жұмыс істегенде 80-90 мыңға баратын еді. Қазір 60 мың . Бұған көңіліміз толмайды.
Loading...