Ақтөбеде жеке кәсіпкер ірі көлемде жасанды "Шадринское" сүтін сатпақ болған

Атап айтқанда, қаржы полициясының ақпараттарына сүйенсек, "Атырау Виват" фирмасының директорының орынбасары Атыраудағы қоймадан "Ялуторовское" стерильді сүтінің 23,4 мың құтысын алып, Ақтөбедегі жалдап алған қоймаға әкелген.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен хабарлағандай, күдікті алты адамды жалдап алып, оның орнына "Шадринское" сүтінің қағаз жапсырмасын жапсыртқан. Сонымен қатар, қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, кәсіпкер жаңа зат таңбасын өзінің компьютерінде өзі жасаған. "Бірақ, жасанды тауар еркін сатылымға түспеген, біздің қызметкерлер қоймадан барлық тауарды тәркілеп үлгерді",- деп атап өтт департаменттегілер.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіндегілер сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 199-бабы (бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану) мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 223-бабында (тұтынушыларды алдау) қарастырылған қылмысты жасады деп оны айыптаған, сонымен қатар "Шадринское" сауда белгісінің иесіне 1,5 млн теңгеден астам шығын әкелген күдіктіні Ақтөбе қаласының соты айыпты деп танып, айыппұл салынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті