Жалғас Әубәкіров, жанкүйер:
- Қайда кетті? Сол Баке, Сакелер алып кетті. Қазір соны сатып та жатыр.
Естеріңізге сала кетелік, өткен жолы Ақтөбе командасы мен исландиялықтардың ойнына билет алмақ болған жанкүйерлер кассаның төбесіне дейін шығып кеткен-ді. Тіпті, тәртіпке шақырмақ болған испекторларды да жанши жаздаған. Сол оқиғадан кейін стадион басшылары касса санын көбейтуді ұйғарды. Бұл жолы билеттің тез өтіп кетуін сатылым орындарының артуымен байланыстырып отыр. Айта кетейік, Еуропа Лигасы аясындағы «Ақтөбе» мен Киевтің «Динамо»-сы арасындағы ойын 22-ші тамызда өтеді.