Ақтөбеде жергілікті футбол клубының және польшалық Легияның жанкүйерлері төбелесіп қалды

Бейсенбіде облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратқа қарағанда, өткен сәрсенбіде 23:00 сағатта польшалық "Легия" футбол клубының жанкүйерлері жергілікті тұрғындармен келіспей қалған.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінен атап өткендей, төбелестен ешкім зардап шекпеген.